Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланды
Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланды
288
оқылды
Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланғанын айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады. 
"Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Саяси кеңестердің отырыстары өтіп, олардың қорытындылары бойынша партияның кезектен тыс XXII Съезіне 399 делегат сайланды.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен “Nur Otan”-ның Съезі 1 наурызға жоспарланған. Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр. Съезд онлайн форматта өтеді", – деп жазды Асхат Оралов.