Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасары ұсталды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдаланды деген күдік келтіріледі.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, – делінген ресми хабарламада.
23 ақпанда сот санкциясымен Өсіповке қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.