Алматыда тон сатып, алаяқтықпен айналысқан жас келіншек ұсталды
Алматыда тон сатып, алаяқтықпен айналысқан жас келіншек ұсталды
330
оқылды
Алматыда жас келіншек “күзен тон” сатып, алаяқтықпен байыған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Наурызбай аудандық Полиция басқармасының ақпаратына сәйкес 22 жастағы Д.есімді жас келіншекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімінің 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
– Қылмыстық істің мән-жайы белгілі болғандай, жас келіншек әлеуметтік желіде тері өнімдерінен жасалған бұйымдарды сату үшін парақша ашып, тұтынушылардан тондарды жеткізу үшін алдын ала ақша алған. Алайда ақшаны алғаннан кейін ол белгісіз бағытта жасырынған. Ал тұтынушылар ақшасыз және тонсыз қалды. Қазіргі уақытта тергеу осыған ұқсас үш қылмыстық эпизодты дәлелдеді, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Полицейлер іскер қыздың іс-әрекетінен зардап шеккендердің әлі де көп болуы мүмкін екеніне сенімді. Сондықтан оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.