Мектептің жанынан ер адамның мәйіті табылды
Мектептің жанынан ер адамның мәйіті табылды
Фото: ainews.kz
271
оқылды

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, мектептің жанынан ер адамның мәйіті табылды.

19 ақпан күні сағат 10:35-те Бұланды аудандық ішкі істер бөліміне ауылдық округ әкімі полицияға хабар берген. Ауылдағы мектептің жанында ер адамның мәйіті табылғанын айтқан. Полицейлер 69 жастағы күдіктіні ұстады.
Ақпанның 18-і күні сағат 15.00 шамасында ер адам досына барып, ішімдік ішіп, жанжалдасқан. Сол кезде әйел пышақты ер адамның кеудесіне сұғып алған.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» дерегі бойынша іс қозғалды.

Бұған дейін Таразда Полиция басқармасы басшының мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.