Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті.
Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 15,23 теңгеге өсті. Доллардың орташа бағамы 452,49 теңгеге жетті.
Ұлттық банктің 24 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 437,22 теңге.
Бүгін Алматыда доллар 460 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу – 465 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттері долларды 460 теңгеден сатылса, сатып алу құны – 463,05 теңге.