21:44 - Еуропа Кеңесінің министрлер комитеті Ресейдің Еуропа Кеңесіндегі құқықтары тоқтатылатынын, бірақ ол ұйымның мүшесі болып қала беретінін хабарлады.
21:20 - Харьков метросын паналап отырған украиналықтар.
[gallery columns="1" size="full" ids="185702,185703"]
21:10 - Бүгінгі Киев.
[gallery columns="1" size="full" ids="185695,185694,185693,185692,185696"]
21:04 - Украина Херсон қаласын бақылауынан шығарып алды. Бұл туралы Херсон облыстық әкімшілігінің басшысы Геннадий Лагута хабарлады.
20:45 - Путин Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеме жасады. Ол украин әскерилерін билікті қолына алуға шақырды: "билікті қолдарыңызға алыңыздар, сіздермен келісу оңай болады", -деді ол.
19:05 - Польша ресейлік авиакомпаниялар үшін елдің әуе кеңістігін жабады. Премьер-министр Матеуш Моравецкий сондай қаулы дайындауды тапсырды.
18:53 - Путин Украинамен келіссөз жүргізу үшін Минскіге делегация жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.
Оның айтуынша, делегацияның құрамына Қорғаныс министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің және Президент әкімшілігінің өкілдері кіреді.
18:30 - Киевтің мэрі Кличко шұғыл мәлімдеме жасады. Қаланың барлық аймағында әуе сиренасының дыбысы естіліп жатыр.
"Киев қорғаныс кезеңіне өтеді. Қазір қаланың кей аудандарында атыс, жарылыс болып жатыр», – деді ол.
18:27 - Ресей Қорғаныс министрлігі Киев маңындағы Гостомель аэродромын басып алынғанын және Украинаның 200 әскери қызметкері өлтірілгенін хабарлады.
Сонымен бірге, Ресей Қорғаныс министрлігі Киевтің батысын оқшаулағанын мәлімдеді.
18:00 - Ресей қарулы күштері Украина бақылауында қалған жалғыз аймақ - Ахтырка қаласын да реактивті қондырғысымен атқылай бастады. Бұл туралы Сумы әскери әкімшілігі хабарлады. Реактив қойма мен балабақшаға түскен. Қаза болғандар мен ауыр жараланғандар бар, олардың арасында балалар да бар.
17:59 - Путин Украинамен "жоғары деңгейде" келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы Ресей президенті Қытай Төрағасы Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлескенде айтқан.
17:56 - Шешен Республикасының президенті Рамзан Қадыров Зеленскийге Путиннен кешірім сұрауға кеңес берді.
"Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен Украинаның қазіргі Президентіне кеңес бергім келеді... ол бұрынғы болып кетпей тұрғанда... біздің бас қолбасшымыз, РФ президенті Владимир Владимировичке қоңырау шалып, кешірім сұрасын", – деді Рамзан Қадыров.
Грозныйда шешен әскері Украинаға аттануға дайындалып жатыр. Украиналық БАҚ мәліметінше, соғысқа аттанғалы жатқан әскер саны 10 мыңнан асады.
17:54 - Киев тұрғындарына қаланы Ресей армиясынан қорғау үшін қару таратылып жатыр.
17:27 - Зеленский Путинге келіссөз жүргізуді ұсынды. Украина президентінің айтуынша, Еуропа елдері Украинаға аз көмектесіп жатыр.
"Мен Ресей президентіне тағы бір рет жүгінгім келеді. Украина аумағында ұрыс жүріп жатыр. Адамдардың өлімін тоқтату үшін келіссөз үстеліне отырайық", — деді Украина президенті.
17:05 - Ресей әскерінің Киевке шабуылы күшейді. CNN-нің хабарлауынша, Владимир Зеленский бункерге шығарылды. Бұған дейін ол елін тастап ешқайда кетпейтінін, отбасы елде қалатынын айтқан еді.
"Новая газета" Украина мен Киевтегі соғыс ошақтарының жағдайы туралы деректі жаңартты. Ондағы мәлімет бойынша, Украина бақылауында тек Сумы облысындағы Ахтырка қаласы қалған. Қалған аймақтарда соғыс жүріп жатыр, кейбірін Ресей әскері басып алған.
[gallery columns="1" size="full" ids="185658,185657"]
15:45 - Харьков көшелеріне түсіп, жарылмай қалған реактивті снарядтардың (град) суреті жарияланды.
[gallery columns="1" size="full" ids="185650,185651"]
15:40 - Украиналықтар ерікті түрде әскер қатарына қосылып жатыр. Олар әскери комиссариатта кезекте тұр.
[gallery columns="1" size="full" ids="185648,185647"]
14:50 - Росавиация Ұлыбритания ұшақтарының Ресейге ұшуына тыйым салды.
Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Ресейге қарсы бірқатар санкция жариялаған еді. Соның ішінде: ВТБ активтерін дереу тоқтату; ресейлік компаниялар мен мемлекетке Ұлыбританиядан несие алуға тыйым салатын заң жобасы дайындалып жатыр; 100-ден астам жеке және заңды тұлғалардың активтері тоқтатылады; "Аэрофлоттың" ұшуына тыйым салу; Әскери мақсатта қолданылатын тауарларды Ресейге экспорттауға тыйым салу; Ресейге жоғары технологиялық тауарлар мен бұрғылау жабдықтарын экспорттауды тоқтату; Ресей азаматтарының Ұлыбритания банктердегі депозиттерінің мөлшерін шектеу және Ростехке қарсы санкциялар енгізіледі.
13:02 - Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Малярдың хабарлауынша, Ресей әскери күштері Украина әскерінің бірнеше көлігін басып алып, Киевке қарай бет алды.
12:40 - "Новая газетаның" дата-бөлімі соғыс ошақтарының картасын жасап шығарды. Ондағы мәлімет бойынша, Украина Киев пен Сумы облысындағы Ахтырка қаласында ғана бақылауын күшейткен.
[caption id="attachment_185602" align="aligncenter" width="1200"] Украинадағы соғыс ошақтары. Фото: "Новая газета"[/caption]
12:20 - Харьковтағы метроны паналаған украиналықтар.
[caption id="attachment_185595" align="aligncenter" width="1200"] Харьков тұрғындары[/caption]
12:15 - Киев қалалық әкімшілігі әуе дабылын жариялады. Тұрғындарға дереу қауіпсіз жерге баруды ескертті. УНИАН агенттігі паналауға болатын қауіпсіз жерлердің картасын бөлісті.
[caption id="attachment_185588" align="aligncenter" width="1200"] Киев, паналауға болатын қауіпсіз жер картасы[/caption]
10:42 - Украинаның Ұлттық банкі Ресей мен Беларусь рублімен валюталық операцияларға тыйым салды.
Ресей әскери күштері Украинаның Змейный аралы мен Чернобыль аймағын бақылауына алған.
Украинаның Шекара қызметі Змейный аралын бақылаудан айырылғанын хабарлады.
Украинаның Премьер-министрі Денис Шмыгаль Ресей әскери күштері Чернобыль аймағы мен Чернобыль атом электр станциясының (ЧАЭС) нысандарын бақылауға алғанын айтты. Кейін АҚШ Ақ үйінің өкілі Джен Псаки ресейлік әсерилердің Чернобыль АЭС қызметкерлерін кепілге алғанын айтты.
05:30 - Киевке оқ атылды. Қаладағы тұрғын үйлерге Ресей зымыраны түсіп, өртенді.
[caption id="attachment_185598" align="aligncenter" width="709"] Киев. Зымыран түсіп, өртенген тұрғын үйлер[/caption]
04:40 - Ресей - Украина соғысының бірінші күнінде Украинаның 137 азаматы қайтыс болды, оның 10-ы офицер. 316 адам жараланды. Змейный аралындағы қақтығыста 13 шекара қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский хабарлады.
25 ақпан. 02:50 - Ресейдің 40-қа жуық қаласында Украинамен соғысқа қарсы акциялар өтіп жатыр. «ОВД-Инфо» мәліметінше, 1700-ден астам адам ұсталды. 9 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған.
- Украина билігі Ресеймен қақтығысқа байланысты елде әскери жағдай енгізді. Осыған байланысты Украина Үкіметі 18 жастан 60 жасқа дейінгі ер адамдарға шетелге шығуға тыйым салды.
- АҚШ 600 миллион долларға Украинаға қару-жарақ жеткізбекші.
- АҚШ пен бірқатар Еуропа елдері Украинаға әскер жіберуден бас тартты. Бірақ олар Ресейге қарсы бірнеше санкция жариялады.
Байден G7 басшыларымен "Ресейді жауапқа тарту" үшін жойқын санкциялар енгізуге келіскенін айтты.
АҚШ енгізген санкциялар: ресейлік төрт банк қызметіне қарсы ("ВТБ", "Альфа-банк", "Мәскеу кредит банк"); Кремльмен тығыз байланысы бар орыс элитасына қарсы; Ресей бизнесінің доллармен, евромен және йенмен операцияларына тыйым салу; жоғары технологиялық өнімдердің ресейлік импортына тыйым салу.
Жапония: ресейліктерге виза беруді тоқтатады, әскери сектормен байланысты тауарлардың экспортына тыйым салынады, қаржы ұйымдарының активтері бұғатталды.
Канада: Ресейге қатысы бар жеке және заңды тұлғаларға санкциялар енгізді. Оның ішінде Игорь Шувалов пен Герман Грефке, және "Сбербанк", "ВТБ", "Альфа-банк", "Совкомбанк", «Газпром», «Транснефть» қызметі тоқтатылды.
Еуропалық Одақ енгізге санкциялар: Ресей банк секторының 70%-ына және ірі мемлекеттік компанияларға, соның ішінде қорғаныс саласында жұмыс істейтіндерге қарсы; ресейлік авиакомпанияларға ұшақтар мен техниканы сатуға тыйым салау; маңызды технологияларға қол жеткізуін шектеу; виза саясаттын өзгерту: дипломаттар мен бизнесмендер бұдан былай ЕО-да артықшылықты ие бола алмайды.
Германия қаржы министрі Ресей банктерінің толық бұғатталғанын және Ресеймен бизнесті тоқтату туралы мәлімдеді.
- Дүниежүзілік денсаулық ұйымы Украина халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін 3,5 миллион доллар бөлді.
Ресей - Украина соғысының бірінші күнінде болған оқиғалар туралы мына сілтемеден оқи аласыз.