Ресей премьер-министрі Мишустин Нұр-Сұлтанға ұшып келді
Ресей премьер-министрі Мишустин Нұр-Сұлтанға ұшып келді
© tengrinews.kz
221
оқылды
Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин бастаған делегация Нұр-Сұлтанға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Делегацияны Қазақстанның Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Содан кейін ол санитария нормаларына сәйкес толық құраммен бірге коронавирусқа қарсы ПТР-сынамасын тапсырды. Ресей премьер-министрі 24, 25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысады. Бұл іс-шараға Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады. Бұған дейін Нұр-Сұлтанға Беларусь премьер-министрі бастаған делегация келді.