Берік Уәлидің Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты сұхбаты кейінге шегерілді
Берік Уәлидің Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты сұхбаты кейінге шегерілді
273
оқылды
Qazaqstan телеарнасы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Украинадағы жағдай және осы мәселеге қатысты Қазақстанның ұстанымы туралы сұхбатының уақытын өзгертті.
"Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Qazaqstan ұлттық телеарнасына бүгінге жоспарланған арнайы сұхбаты кейінге шегерілгенін хабарлаймыз", — делінген телеарна хабарламасында.
Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты бүгін, 24 ақпанда сағат 20:30-да Qazaqstan ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат беретіні хабарланған болатын.