Алматыда ломбард тонаған жігіттер видеоға түсіп қалды
Алматыда ломбард тонаған жігіттер видеоға түсіп қалды
288
оқылды

Алматыда екі ер адам ломбард қызметкерлерін алдап, тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға ломбард қызметкерлерінің бірнеше арызы түскеннен кейін, Алматы облысының 24 жастағы тумасы мен оның 20 жастағы “серігі” ұсталды. https://www.youtube.com/watch?v=PTglwS3NPic&feature=emb_title
– Қаскөйлер қаланың үш ауданында: Алатау, Әуезов және Медеуде “өз іздерін қалдырып” кеткен. Күдіктілер ломбардқа кіріп, сатылымда тұрған ұялы телефондарды тексеру үшін көрсетулерін сылтауратып, қолдарына ұстай сала қашып кеткен. Кейбір жерлерде олардың заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталғандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың 5 дерегі дәлелденді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізілуде, – деді Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.