Ақтау горнизонында сарбаз жарақат алды
Ақтау горнизонында сарбаз жарақат алды
266
оқылды
Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы әскери гарнизонда сарбаз жарақат алғанын хабарлады. 24 ақпанда Ақтау гарнизонының әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Т. әскери техникаға қызмет көрсету кезінде жарақат алған.
«Қазіргі уақытта сарбазға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер әскери қызметшінің жағдайын орташа ауыр деңгейде деп бағалады. Ақтау гарнизонының әскери полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Әскери қызметші 2021 жылдың күзінде Ақтөбе қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған болатын», – делінген хабарламада.