Мысыр басшысымен сөйлесті
Мысыр басшысымен сөйлесті
251
оқылды
Мемлекет басшысы Мы­сыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөй­лесті. Бұл туралы Ақорда­ның баспасөз қызметі хабар­лады. Мысыр тарапының бастама­сымен ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі сұхбат барысында Мем­лекеттер басшылары екіжақ­ты қатынастардың қазіргі жағ­дайы мен перспективаларын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мысыр қатынастарының тамыры терең болғанымен, екі ел арасын­дағы заманауи дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл ғана толғанын атап өтті. Осы мерзім ішінде екіжақты ын­ты­мақтастықтың әртүрлі саласы бойынша бірқатар жетістікке қол жеткізілді. Дегенмен бүгінде екі ел арасындағы байланыстарының әлеуеті толық пайдаланылмай отыр­­ғанына назар аударған Қа­зақ­стан Президенті Мысыр та­ра­пын сауда-экономика саласын­да­ғы ық­палдастықты дамытуға ша­қырды. Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы қаңтар оқиғаларына қа­тысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік білдіргені үшін Әбдел Фаттах ас-Сиси мен мысыр хал­қына алғысын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев елі­міз­дегі жағдайдың тұрақталғанын атап өтіп, әлеуметтік-экономи­ка­лық қайта құрудың жаңа страте­гия­сын жүзеге асыру шаралары қа­­был­дан­ға­нына тоқталды. Пре­зи­дент­тің ай­туынша, Қазақ­стан хал­қы бола­шаққа нық сенім­мен қарайды.