«Дәрмек» республикалық кең ауқымды жедел алдын алу шарасы барысында жамбылдық полицейлер моншасында марихуана кептірген меркілік тұрғынды ұстады. Интернациональный ауылының 47 жастағы азаматы үйіндегі моншасының ішіне 3 келі 676 грамм есірткі сақтаған.
Тінту барысында күдікті кінәсін толықтай мойындап, марихуананы жеке пайдалану үшін моншасында кептіргенін айтты. Қазіргі уақытта ол Меркі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.
Жамбыл облысы