АҚШ пен бірқатар Еуропа елдері Украинаға әскер жіберуден бас тартты. Бірақ олар Ресейге қарсы бірнеше санкция жариялады.
Байден G7 басшыларымен "Ресейді жауапқа тарту" үшін жойқын санкциялар енгізуге келіскенін айтты.
АҚШ енгізген санкциялар:
- ресейлік төрт банктің қызметін тоқтатты (оның ішінде "ВТБ", "Альфа-банк", "Мәскеу кредит банк" бар);
- Кремльмен тығыз байланысы бар орыс элитасына қарсы; Ресей бизнесінің доллармен, евромен және йенмен операцияларына тыйым салу; жоғары технологиялық өнімдердің ресейлік импортына тыйым салу.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Ресейге қарсы бірқатар санкция жариялады. Соның ішінде: ВТБ активтерін дереу тоқтату; ресейлік компаниялар мен мемлекетке Ұлыбританиядан несие алуға тыйым салатын заң жобасы дайындалып жатыр; 100-ден астам жеке және заңды тұлғалардың активтері тоқтатылады; "Аэрофлоттың" ұшуына тыйым салу; Әскери мақсатта қолданылатын тауарларды Ресейге экспорттауға тыйым салу; Ресейге жоғары технологиялық тауарлар мен бұрғылау жабдықтарын экспорттауды тоқтату; Ресей азаматтарының Ұлыбритания банктердегі депозиттерінің мөлшерін шектеу және Ростехке қарсы санкциялар енгізіледі.
Осыдан кейін Росавиация Ұлыбритания ұшақтарының Ресейге ұшуына тыйым салды.
Жапония: ресейліктерге виза беруді тоқтатады, әскери сектормен байланысты тауарлардың экспортына тыйым салынады, қаржы ұйымдарының активтері бұғатталды.
Бұған дейін Латвия мен Чехия да ресейліктерге виза беруді тоқтатқан еді.
Канада: Ресейге қатысы бар жеке және заңды тұлғаларға санкциялар енгізді. Оның ішінде Игорь Шувалов пен Герман Грефке, және "Сбербанк", "ВТБ", "Альфа-банк", "Совкомбанк", «Газпром», «Транснефть» қызметі тоқтатылды.
Еуропалық Одақ енгізген санкциялар: Ресей банк секторының 70%-ына және ірі мемлекеттік компанияларға, соның ішінде қорғаныс саласында жұмыс істейтіндерге қарсы; ресейлік авиакомпанияларға ұшақтар мен техниканы сатуға тыйым салу; маңызды технологияларға қол жеткізуін шектеу; виза саясатын өзгерту: дипломаттар мен бизнесмендер бұдан былай ЕО-да артықшылықтарға ие бола алмайды.
Германия қаржы министрі Ресей банктерінің толық бұғатталғанын және Ресеймен бизнесті тоқтату туралы мәлімдеді.
Айта кетейік, Ресей – Украина арасындағы соғыс туралы соңғы жаңалықтарды мына сілтемеден оқи аласыз.