Жылдық мөлшерлемесі 4 пайызбен қандай көлік сатып алуға болады?
Жылдық мөлшерлемесі 4 пайызбен қандай көлік сатып алуға болады?
©exk.kz
360
оқылды

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінбек. Енді осы бағдарлама бойынша қандай көлік алуға болатынын жарияламақпыз.

Жалпы, алғашқы жарнасыз, 4 пайызбен 7 жылға тек елімізде жинақталған көлік алуға болады. Онда да оның бағасы 10 миллион теңгеден аспауы тиіс. Әрине, одан да қымбат көлікті алуға болады. Бірақ ондай жағдайда алғашқы жарнаны құю керек. [caption id="attachment_185667" align="alignnone" width="1200"]көлік ©wkipedia[/caption] 10 млн теңгеге дейінгі аралықта жеті маркілі 24 жеңіл көлік келеді. Оның ішінде Lada-ның да маркісі кіреді. Мәселен, Granta-ның ең төменгі бағасы 3,7 млн теңге, Niva Legend – 5,3 млн теңге, Niva Legend 5D – 5,7 млн теңге, Largus – 6 млн теңге, Niva Travel – 6,6 млн теңге, Vesta – 5,8 млн теңге және XRAY 6,3 млн теңгеден басталады. [caption id="attachment_185668" align="alignnone" width="1200"]көлік ©wikipedia[/caption] Сонымен қатар Chevrolet маркісінің көлігі қолжетімді болмақ. Олардың ішінде хэтчбек Spark – 5 млн теңге, Cobalt және Nexia – 5,7 мен 5,4 млн теңге, ал кроссовер Tracker 9,4 млн теңгеден басталып тұр. [caption id="attachment_185669" align="alignnone" width="1200"]көлік ©Chevrolet[/caption] Ал жеңілдетілген автонесиемен Оңтүстік Корейдің танымал маркісі Kia мен Hyundai алуға болады. Бағдарлама бойынша алғашқы кэшбек Picanto (7 млн теңге) мен Rio (7,3 млн теңге) маркілеріне берілген. Ал екінші орында – Accent (6,7 млн теңге) пен Elantra (8,4 млн теңге), кроссовер Creta (9,1 млн теңге). [caption id="attachment_185671" align="alignnone" width="1200"]көлік ©JAC[/caption] Сонымен қатар қазақстандық өнеркәсіпте жасалған қытайдың JAC көлігі ұсынылып отыр. Олардың да бағасы 10 миллион теңгеге дейін барады. Мәселен, J7 – 8,4 млн теңге, S3 – 7 млн теңге және S5 моделі 8 млн теңгеден басталған. [caption id="attachment_185672" align="alignnone" width="1200"]көлік ©https://rg.ru/[/caption] Renault-тың Қазақстанда әзірге тек үш модель бар. Олар – Arkana (8,3 млн теңгеден бастап), Duster (7,4 млн теңгеден бастап) және Kaptur (7,9 млн теңгеден бастап). Егер жол талғамайтын ірі көлікті қаласаңыз, оларға УАЗ Hunter мен Patriot атауға болады. Біріншісі 7,3 млн теңгеден басталса, екіншісі – 8,4 млн теңге. Материалды әзірлеу барысында Украина мен Ресей арасында шиеленіс басталып, елде долларға шаққандағы теңге бағасы құбылды. Сондықтан алдағы уақытта бұл бағалар да өзгеріске ұшырауы мүмкін.