Алматы облысында ұсталған шенеуніктің видеосы тарады
Алматы облысында ұсталған шенеуніктің видеосы тарады
Алматы облысы Іле ауданының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.  Ведомствоның мәліметінше, шенеунік 18 ақпанда Кеген ауданындағы жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыс, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым директорынан 1 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген. 20 ақпанда Талдықорған мамандандырылған тергеу соты күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
"Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды", – делінген Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.
Видеода ер адам ұсталған уақытта көшеде сауда арбасымен жүргені көрініп тұр. Артынша ол бір бума ақшаны қалтасынан шығарып, жерге қояды. https://www.youtube.com/watch?v=2_zkC0znbTs&t=16s