Алматы облысы Іле ауданының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, шенеунік 18 ақпанда Кеген ауданындағы жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыс, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым директорынан 1 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген.
20 ақпанда Талдықорған мамандандырылған тергеу соты күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
"Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды", – делінген Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.
Видеода ер адам ұсталған уақытта көшеде сауда арбасымен жүргені көрініп тұр. Артынша ол бір бума ақшаны қалтасынан шығарып, жерге қояды.
https://www.youtube.com/watch?v=2_zkC0znbTs&t=16s