Жаппай тәртіпсіздік кезінде соққыға жығылған полицей басынан өткен жағдайды айтып берді 
Жаппай тәртіпсіздік кезінде соққыға жығылған полицей басынан өткен жағдайды айтып берді 
432
оқылды
Алматы полициясының метрополитен бөлімінің қызметкері Асыл Дүйсембеков жаппай тәртіпсіздік кезінде соққыға жығылған. Оны бұзақылар тізерлеп отырғызып, тепкінің астына алған. Бұл жағдай мегаполис көшелеріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Формамды алып өртеп тастады. Жұмыс куәлігімді, жеке куәлігімді, қалтамда не болды, соның барлығын алды. Бөгенбай – Сейфуллин көшелеріне дейін ұрып, тоқпақтап апарып, тізерлеп отырғызды”, – деді тәртіп сақшысы. Қаскөйлер полицейді топтың алдында тірі қалқан етіп ұстаған.
https://www.youtube.com/watch?v=n5LxtLDhRB0&feature=emb_title Полиция қызметкерінің айтуынша, оны өзінің әріптестері құтқарып қалған.
“Әріптестеріме рақмет. Қазір сол кісілердің арқасында аман-сау тұрмын. Барлығымыздың анамыз бар. Оларға да оңай емес екен, өз баласын соққының астында көрген”, – деп атап өтті ол.