Ресей азаматы 17 жыл заңсыз зейнетақы алған
Ресей азаматы 17 жыл заңсыз зейнетақы алған
352
оқылды
Көші-қон қызметінің қызметкерлері заң бұзушыны Семей қаласында ұшақ билетін сатып алған кезде анықтаған. 76 жастағы облыс тұрғыны 2001 жылы қазақстандық заңнамаға қарама-қайшы екенін біле тұра Қазақстан азаматтығымен қатар Ресей Федерациясының азаматтығын алған. РФ азаматының паспортына қол жеткізгеннен кейін ол Ішкі істер органдарына Қазақстан азаматы­ның жеке басын куәландыратын құжаттарын тапсыр­май, сол арқылы осы жолы да Нұр-Сұлтан қаласына дейін әуебилетті сатып алған. Оның үстіне, зейнет жасына жетіп, ол 17 жыл бойы қазақстандық зейнет­ақыны алып келген. Қазір одан Қазақстан азаматының құжаттары алып қойылды, азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін оған Әкімшілік кодекстің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан азаматтығынан шығуды уақытылы тіркеу қажет екенін азаматтарға ескертеді.