Финал Санкт-Петерборда өтпейді
Финал Санкт-Петерборда өтпейді
233
оқылды
UEFA ұйымы Чемпиондар лигасының осы маусымдағы финалының Санкт-Петербордан Парижге ауыстырылғанын хабарлады. Ресей әскерлерінің Украинаға соғыс ашуына және қауіпсіз­діктің қамтамасыз етілмеуіне байланысты UEFA Атқарушы коми­тетінің кезектен тыс отырысы өтті. «UEFA Атқару комитеті Чемпиондар лигасының 2021/2022 жылғы финалын Санкт-Петербордан Сент-Денидегі «Стад де Франс» стадионына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Турнирдің шешуші ойыны  жоспарланғандай 28 мамырда өтеді. Аталған ұйым Франция президенті Эммануэль Макронға бұрын-соңды болмаған дағдарыс кезінде Еуропадағы футболдың ең беделді ойынын Францияда өткізуге мүм­кіндік бергені үшін алғысын білдіреді», – деп жазды ұйымның баспасөз қызметі.

А.ЖАСАНҰЛЫ