Таразда атыс болып, екі адам ауруханаға түсті
Таразда атыс болып, екі адам ауруханаға түсті
Сурет: azattyq-ruhy.kz
158
оқылды

Таразда атыс болып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға 25 ақпан күні сағат 22.30 шамасында болған, - деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

«Тараз қаласының Абай даңғылы бойындағы Discovery дәмханасында атыс болды.  Екі адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен патрульдік полиция қызметкерлері жөнелтілді», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған дерекке қатысты жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.