Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам мерт болды
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам мерт болды
177
оқылды
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, көлік екіге бөлініп қалған. Салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты. Жол апаты 26 ақпан күні сағат 10.00-де Павлодар - Семей тасжолындағы Аққулы ауданы Тілектес ауылының маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің қатты соққыдан бөліктерге бөлінгені анық көрінеді. Мыжылған металдың қасында қаза болғандардың денесі жатыр. Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ 21015 көлігінің 44 жастағы жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, Toyota Camry 40 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан ВАЗ көлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry көлігінің 30 жастағы жүргізушісі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.