Алматы мен астанада ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасын сату және сатып алу тоқтатылды.
Kurs.kz-тің мәліметінше, Алматыда ақша айырбастау орындары валюта сатып алмайды және сатпайды. Астанадағы барлық ақша айырбастау пункті де шетел валютасымен операцияларды тоқтатты.
Бүгін Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлесіп, мәлімдеме жасады. Теңге-АҚШ доллары бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.
Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де сауда-саттық Франкфурт аукционы форматында ашылады.
Бұл уақытша сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа қысымды азайту қажет екенін көрсетеді.