"28 ақпандағы жағдай бойынша Украина-Польша шекарасын Қазақстанның 241 азаматы кесіп өтті. Шекарада тағы 99 отандас күтіп тұр, олармен бірге Қазақстанның Киевтегі Елшілігінің дипломаттары бар.
Қазақстанның Польшадағы Елшілігі біздің азаматтардың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін поляк тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.