Қазақстанның Ұлттық банкі 1 наурызға арналған доллардың ресми бағамын бекітті.
Сонымен сейсенбі, 1 наурызда доллардың теңгеге шаққандағы бағасы 495 теңге болады.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, бүгін доллардың орташа бағамы 495,00 теңге болды.
Ұлттық банк мәліметі бойынша, 26-28 ақпандағы доллардың ресми бағамы 467,09 теңгені құрады.
Kurs.kz, мәліметі бойынша қазіргі уақытта Алматыда айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 497,44 теңгеге сатып алып, 503,67 теңгеге сатып жатыр. Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктерінде америкалық валютаны орта есеппен 485,43 теңгеге сатып алып, 503,44 теңгеге сатып жатыр.