Қазақстандықтар ел аумағында WhatsApp мессенджері жұмысын тоқтататыны туралы ақпарат таратып жатыр. Мектептерге бұл туралы ресми хабарлама жіберген екен. Бұл жалған ақпарат, - деп хабарлады stopfake.kz.
Білім және ғылым министрлігі білім беру мекемелеріне немесе басқа жерлерге мұндай хабарламалар жібермегенін хабарлады.
– Министрлік білім беру ұйымдарына мұндай ақпарат жіберген жоқ. Білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтар әлеуметтік желілерде және БҒМ сайтында жарияланады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мессенджер Қазақстан аумағында жұмысын тоқтатады деуге ешқандай негіз жоқ. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да тиіс ақпарат шыққан жоқ. Сондай-ақ Қазақстанға қатысты ешқандай санкциялар енгізілмегенін атап өткен жөн.