«Қазгидромет» РМК 1 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Мәселен, Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Өңірдің батысында, солтүстігінде тұман болжанады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігін тұман басады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, өңірдің солтүстік жартысында 15-20 м/с күшпен жел тұрады.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Маңғыстау облысының батысында және орталығында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде оның жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында, шығысында екпіні 25 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с құрайды.
Бұдан бөлек, 1– 2 наурыз аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе (оңтүстік) облыстарындағы өзен бассейндерінде еріген қар ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.