Француз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды.
Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.
Оның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.