Мамандар бәрін шеше ме?
Мамандар бәрін шеше ме?
733
оқылды
Кез келген ұйымның жоғары жетістіктерге жетуіне бірнеше фак­тор ықпал етеді. Соның бірі әрі бі­регейі – ұжымға сапалы мамандарды іріктеу, оқыту, даяр­лау, басқару. Қазір бұл бағытты HR менеджмент деп те атайды. «Nur Otan» партиясы да ірі ұйым ретінде сапалы маман­дарға мұқтаж. Себебі партия­лық жобаларды, сайлауалды бағ­дарла­маларды жүзеге асы­руға білікті мамандар керек. Оларды іріктеудің бір жолы – ротация. Ротация – бұл жай ғана маман­дар­дың орнын ауыстыру емес, пар­тияны жаңғырту міндетін тиімді іске асыру механизмі. Әлемдік тәжіри­беге сүйенсек, ротация – кадрдың жаңаруының маңызды қадамы. Әрине, маман іріктеуде кез келген ұжым басшылығы өзіндік талаптар қояды. Партия саяси ұйым болған­дықтан, мұнда кадрларға қойылатын критерий де өзге­шелеу. Партиялық ротация барысында кадрдың білімі мен тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен мемлекетшілдік парасатқа ие болуына басты назар аударылады. Соны­мен бірге ол еліміздегі қорда­ла­нып қалған мәселелерді билікпен бірге шешуге мүд­делі халық өкілі болуы тиіс. Бүгінде аймақтарда партия аты­нан мәслихатқа сайланған депу­тат­тар жауап­ты функция атқаратынын атап кет­кен жөн. Рас, олар партия ап­паратының қыз­меткері емес. Алай­да партия атынан де­пу­тат ре­тін­де қатардағы азаматтардың мұң-мұқ­тажын тыңда­ғанда, оларды ше­шу­­ге өз үлесін қосқанда, елді мекен­дерді арала­­ғанда біліктілік, шешен­дік қабілет, са­быр­­лық, этика талап­та­рын сақтауы та­лап етіледі. Себебі партия имиджі, пар­тия туралы тү­сінік депутаттар, партия қыз­мет­­керлері арқылы қалыптасады. Ал бү­гін кез келген ұйымның имиджі маңыз­ды рөл атқаратын уақытта «Nur Otan» пар­тиясы бұл мәселеге ерекше назар аударады. Праймериз арқылы мәслихат депутат­тары арасында өзіндік рота­ция жүргенін, оның нәтижесінде де­путаттық корпустың басым бөлігі жаңарғанын айта кеткен жөн. Мәс­ли­хаттар құрамына тың азамат­тар сайланды. Кейде адамның шынайы келбеті, қабілеті сын сағатта көрінеді. «Nur Otan» партиясының мәслихат депу­таттары қаңтардағы трагедияның салдарын жоюда өздерін белсенді аза­мат ретінде көрсете білді. Мы­салы, Алматы қалалық мәсли­хаттың депутаттары, партия мүшелері Бауыржан Қайыңбаев, Сабыржан Зайнидинов, Әміржан Нәбиев, Шухрад Шардинов зардап шеккен­дерге атаулы материалдық көмек көрсетті. Өзге қалалардың кәсіпкерлері де қол қусырып отырмады. Шымкентте фракция мүшелері нысандарды күн­делікті күзеткен еріктілер мен әс­кери қызметкерлерге азық-түлік жет­кізді. 2 400 адам қамтылды. Фрак­ция мүшелері, кәсіпкерлер М.Жол­дыходжаев пен Б.Әшірбаев қалада тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 500 еріктіден тұратын қоғамдық жасақ құрды. Жам­был облысында зардап шеккен 6 ны­санды қалпына келтіру жұ­мыс­тары жүр­гізіліп жатыр. Облыстық мәс­лихат депу­таты Б.Ыстыбаев 300 құры­лысшыға дас­тар­қан жайды. Қиратылған ғимараттарды қалпына келтіруге 80 адам­нан тұратын жас­отан­дық еріктілер көмек­тесуге кірісті. Тараздағы қан орталығында 250-ге жуық партия мүшесі қан тап­сырды. Ал Қызыл­орда облысында «Jas Otan» белсенділері өңір жас­тары­мен бірге қала­дағы бақылау өткізу бекеттерінде әскери қызмет­шілерге ыстық тамақ жеткізуге атса­лысты. Ал енді жаңа сапалы мамандарды қалай іріктеп, дайындау қажет деген сауал туындайды. Бірден-бір ұтым­ды әдіс – кадрлық ротация. Себебі «Nur Otan» партиясының аймақтар­дағы филиал­дарында тәжірибе жи­ған, сынақтан өткен мамандарды өзге де жауапты қызметтерге та­ғайын­дау арқылы кадрлық аппарат­тың құрамын күшейтуге болады. Мұндай тағайындаулар әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты аса маңызды мәселе­лер­ді жедел шешуге мүмкіндік беріп, партия ұстанымын кү­шейте түседі. Бүгінде «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияны жаңғырту бағытында тың тапсыр­малар қойып отыр. Оларды орын­дап, бұған дейін қабылданған пар­тия жобаларын жүзеге асыру үшін жоғарыда аталған қабілеттерге ие тың мамандар да қажет. Ротация барысында кәсіби талаптарға сай мамандар партия­дағы лауазымды қызметтерге тағайын­далып, саяси ұйымның жаңа деңгейге шығуына, электораттың сеніміне ие болуға өз үлесін қосуы мүмкін. Ротация кезінде партия нақты адам­дардың тиімділік көрсеткіш­терін бас­шы­лыққа алады. Осылай­ша, партия басшы­лығында және жергілікті жерлерде түйт­кілді мәсе­ле­лер мен оны шешу жолдарын біле­тін пәрменді партия мүшелері қалады. Ротация – жүйелі мәселе, сондықтан оны бастамас бұрын пар­тия басшылығы пар­тияластар жұ­мы­сының тиімділігін зерттеді. Бұдан бөлек, ротация барысында қатаң шаралар қабылдауға да тура келді. Партия қатарын «уақытша мүмкіндік іздегендер» мен тиімділігі төмен басшы­лар­дан тазарту қажет болды. Ол аз уақыт­тың ісі емес, бір айдың, бәлкім одан да көп мерзімнің жұмысы болар. Алайда аталған про­цесс одан әрі жалғаса береді. Жалпы, бұған дейін де жемқорлық шыр­мауына түскен, қызметін асыра пай­да­ланған партия мүшелерін «Nur Otan» қа­тарынан шығару прак­тикасы жүзеге асты. Алдағы уақытта да жалғаса береді.