Президентке ақша-несие саясатын іске асыру барысы баяндалды
Президентке ақша-несие саясатын іске асыру барысы баяндалды
256
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің әлемдегі геосаяси жағдайға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері туралы есебін тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріле отырып, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы баяндалды.Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.