Теңіз вахталық кентінде өрт шықты
Теңіз вахталық кентінде өрт шықты
Фото: zakon.kz
227
оқылды
Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінде өрт шықты. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін, 1 наурызда жергілікті сағат 16:40-та тұтанған.
«Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентіндегі ашық алаңда өндірістік қалдық жанып жатыр. «Теңізшевройл» ЖШС өрт сөндіру және апаттық қызметінің мәліметінше, өрт тұтанған аумақтың ауданы – 200 шаршы метр. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройлдың» өрт сөндіру және апаттық қызметінен 17 қызметкер мен 4 техника, «COCR» ЖШС-нен 6 қызметкер жұмылдырылған. Оқиға орнына бару үшін Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 10 қызметкер мен 2 техника жолға шықты»,  – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.