Алғыс айту күніне арналған ескерткіш
Алғыс айту күніне арналған ескерткіш
550
оқылды
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ақтөбеде облыстағы кәріс ұлтының бастамасымен қазақ халқына алғыс ретінде орнатылған мүсіндік композицияның ашылу рәсімі өтті. Ескерткіш қаладағы орталық саябаққа орнатылды. Шараға облыс әкімі Оңдасын Ора­залин, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары қ­а­тысты. – Осыдан 85 жыл бұрын кәріс­тер Қиыр Шығыста пойызға отыр­ғызылып, Қазақстанға күш­теп қоныс аударылды. Сол кезде Қа­зақстан халқы қиын жағдайда болғанымен, кәрістерге баспана, киім-кешек, азық-түлік жағынан көмек қолын созып, оларды жа­қын көрші, отбасы мүшесі ретінде қарсы алды. Сол күндері қолдау білдірген жандардың құрметіне бүгін мүсіндік композиция ор­натылды, – деп атап өтті Корея Рес­публикасының Қазақстанда­ғы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сок. Өз кезегінде облыс әкімі де р­и­зашылығын білдірді. Жинал­ғандарды Алғыс айту күнімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзі­лханов та құттықтап, Қа­за­қ­­стан халқы Ассамблеясы мен этно­мәдени бірлестіктердің бір­қатар мүшесін марапаттады. «Ақтөбе облысының кәрістері атынан қазақ халқына ал­ғыс» мүсіндік композициясында қазақ және кәріс әйелдерінің мүсін­дері бейнеленген. Қазақ әйе­лі кәріс әйеліне қонақжайлы­лықтың белгісі ретінде кесемен қымыз ұсынып тұр. Ал шаңырақ­ты ұстап тұрған құстың қос қанаты татулықтың белгісі іспетті. Ком­по­зи­цияның жалпы биіктігі – 4,7 метр, ені – 4,5 метр.