«Жаңа Қазақстан» құру жолындағы аса маңызды қадам – Мәулен Әшімбаев
«Жаңа Қазақстан» құру жолындағы аса маңызды қадам – Мәулен Әшімбаев
317
оқылды
Партиямыздың кезектен тыс XXII съезінде Президентіміз Қ.Тоқаев еліміздегі жетекші саяси ұйым­ды одан әрі жаңғыртудың нақты бағыт-бағдарын белгілеп берді. Партия Төрағасы ұйымның атауын «Amanat» деп өзгерту ту­ра­лы ұсынысқа қолдау білдірді. Бұл сөз – халқымыз үшін терең ма­ғыналық мәнге ие киелі ұғым. Ол мемлекеттілігімізді және тәуел­сіздігімізді сақтау жолында ба­баларымыз бен болашақ ұрпақ ал­дындағы жауапкершілікті арттыратын қасиетті парыз дегенді біл­діреді. Ребрендинг пен жаңа атау пар­тияда болып жатқан ауқымды өзгерістердің бір бөлшегі ға­на. Бұл істе маңдайшадағы жазуды өзгертумен шаруа бітпейтіні белгілі. Сондықтан саяси ұйымның қызметі мен жұмыс тәсілін жүйе­лі түрде өзгерту аса маңызды. Партия барша қазақстандық­тың мүддесін қорғайтын негізгі ұйым ретіндегі жұмысын жалғастыра береді. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Amanat» әділ­діктің, бірлік пен алға ілгері­леу­дің, халықтың пікірі мен ел мүддесін ескеретін, азаматтарымыздың игілігі жолында қызмет ететін партия болуға тиіс. Ол үшін партия жұмысында­ғы негізгі басымдық орталықтан жер­гілікті деңгейге, яғни өңірлік фи­лиалдар мен бастауыш партия ұйым­дарына ойысу керек. Ұйым үшін сайлаушылармен жұмыс істеу, азаматтарды алаңдатқан мә­селелерге назар аудару, халық­тың мұң-мұқтажына құлақ түріп, оны тиісті деңгейге жеткізу аса маңыз­ды. Яғни, «Amanat», шын мә­нінде халық пен атқарушы би­лік арасындағы алтын көпірге ай­налуы қажет. Осы ретте партия Төрағасы жұ­мыс барысында бюрократиядан, формализмнен және қағазбастылықтан үзілді-кесілді бас тарту аса маңызды міндет екенін айрық­ша атап өтті. Тың бастамалар тек орталықтың нұсқауымен ға­на қолға алынбауы керек. Күн тәр­тібін әзірлеуге жергілікті жер­лердегі партия мүшелері де белсенді атсалысуы қажет. Әсіресе, бастауыш партия ұйымдарында маңызды мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндіктер бар. Өйткені олар елмен тікелей байланыста бол­ғандықтан, көпшіліктің көкейін­дегі өзекті проблемаларды жақсы біледі. Сондықтан бастауыш пар­­­тия ұйымдарының әлеуетін кеңін­ен пайдалану керек. Кейбір заң жобалары қоғамда қызу пікірталас тудыратыны бел­гілі. Партия­лық институттар ар­­­қылы әлеуметтік маңызы жо­ғары сондай нормаларды талқылауға жұртшылық пен өңірлердегі белсенді азаматтарды жұмылдыру қажет. Президентіміз белгілеп берген міндеттердің маңызды бөлігі кадр даярлау және «әлеуметтік лифт» қалыптас­тыру мәселелері­не қатысты болды. Жаңар­ған пар­­тия белсенді жастар үшін сая­­си менеджмент мектебіне ай­­налуға тиіс. Партия қызме­ті көш­басшылық қасиеттерді қа­­лып­тастыруға, азаматтармен тиім­ді кері байланыс ор­нату­ға жә­не болған мәселеге бай­ла­ныс­ты жедел үн қатуға зор мүм­кіндік­тер береді. Бұдан былай «Amanat» Мем­ле­кет басшысының елімізді жаңар­ту бағдарын іске асыруға белсенді қатысып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта жаңғырудың тірегі әрі өзегі ретінде жұмыс іс­тейді. Пре­зидентіміз және пар­тия Төра­ғасы Қ.Тоқаев барша партия­ластарды тың идеялар мен ұсыныстар жинау жөніндегі республикалық акция ұйымдастыруға, реформаларды әзірлеу және жаңа басымдықтарды айқындау ісіне белсенді қатысуға шақырды. Осылайша, партияны транс­фор­­­мациялау демократиялық жаңару және жаңа әділетті Қазақ­стан құру жолындағы аса маңыз­ды қадам болатыны сөзсіз. Алдағы уақытта барлық партия­ластардың партия Төрағасы айқындап берген басымдықтарды іске асыру үшін жұдырықтай жұмылып әрекет етуі аса маңызды. Бұл іске Се­нат депутаттары да үлес қосып, ел­дік мүдде жо­лын­дағы қызметте­рін белсенді түрде жалғастыра береді.