Шымкент тұрғындары алмаған тауары үшін 300 миллион теңге кредит төлеуге мәжбүр
Шымкент тұрғындары алмаған тауары үшін 300 миллион теңге кредит төлеуге мәжбүр
Фото: vyatka-grad.ru
123
оқылды

Шымкентте тұрғындардың атынан несие рәсімдеген алаяқтар ұсталды. Полицейлер 250-ден астам азаматты алдады деген күдікпен 5 тұрғынды ұстады. Барлығы Түркістан облысының жергілікті тұрғыны.

Жалпы, 300 миллион теңгеден астам шығын келген.
«Қылмыстық топ белгіленген схема бойынша жұмыс істеген. Олар азаматтардың сеніміне кіріп, ірі сауда үйлері арқылы қайтарымсыз қаржы шығарып беруге уәде еткен. Сол арқылы, олардың жеке мәліметтері мен қолтаңбасын иеленген және олардың атынан мүліктік несие алған. Нәтижесінде, тұрғындар алмаған тауарлары үшін несие төлеуге мәжбүр болған» делінген хабарламада.
Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін «Әр балаға 50 мың теңге алып беремін» деп 150-ге жуық тұрғынның атынан онлайн несие алған саудагер ұсталған еді.