Ақтөбеде жұмысқа орналаспақ болған 12 адам алданып қалды
Ақтөбеде жұмысқа орналаспақ болған 12 адам алданып қалды
Фото: amp.my.ua
144
оқылды

Полицейлер Ақтөбеде адамдарды жұмысқа орналастыруға уәде беріп, ақша алған ер адамды ұстады.

Былтыр қыркүйек айынан бері Ақтөбенің тұрғыны 12 адамды алдады. Күдікті Темір ауданының 40 жастағы тұрғынын компанияға оператор етіп жұмысқа орналастыруға уәде беріп, өз "қызметі" үшін 60 000 теңге сұраған. Ақшаны алған соң, хабарсыз кеткен.
«Полицейлер Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің тағы 11 адамды алдағаны анықталды. ҚК-ның «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындап отыр», – деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін алаяққа сенген ақтөбелік тұрғынның 4 банкке 8 миллион теңгеден астам қарыз болғанын жазған болатынбыз.