Ақтөбедегі жарылыс: 11 көлікке зақым келді
Ақтөбедегі жарылыс: 11 көлікке зақым келді
197
оқылды

Бүгін түнде сағат 04:11-де Ақтөбе қаласында жарылыс болды.

Алматы ауданы, Смағұлова  № 15 мекенжайы бойынша «Альтаир» жанармай құю станциясының жануы туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу Ақтөбе қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жіберілді.    width= Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталды. 600 шаршы метр ғимарат құлап, ТҚКС ішінде және жанында тұрған 11 көлік бүлінді. Жарылысқа газ себеп болған. https://youtu.be/bnBm1F2i_cY Оқиға орнында Ақтөбе облысы ТЖД 136 адам және 16 бірлік техника, сондай-ақ ЖАО  2 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Жоғалып кеткен 1954 жылы туған күзетшіні іздестіріп, оның  мәйітін тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігі  тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.