Қағазбастылықтан қажыған кеңсе қызметкерлері қара жұмыс істеуге де дайын
Қағазбастылықтан қажыған кеңсе қызметкерлері қара жұмыс істеуге де дайын
Фото: twitter.com
218
оқылды

HeadHunter компаниясының сарапшылары арнайы зерттеу жүргізіп, кеңсе қызметкерлерінің кейбірі қара жұмыс істеуге әзір екенін анықтады, – деп жазады naryk.kz. 

«Ақ жағалылар, яғни кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлер жұмыс барысында күйзеліске көп түседі. Қаптаған есеп-қисап, дедлайн қызмкеткерлердің жүйкесіне кері әсер етеді. Нәтижесінде, бір кездері кәсіби даму мен мансап үшін келген азаматтар қағазға «көміліп» қалады. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 38%-ы өздерінің кеңседегі жұмысын қара жұмысқа ауыстыруға дайын екенін мәлімдеген. Ал 41%-ы тек аса қажеттілік болған кезде ғана қара жұмыс істейтінін айтқан» делінген зерттеуде.
Тағы 21%-ы өздерінің жоғары білімдері, тәжірибесі мен кәсіби машықтарын алға тарта отырып ешқашан қара жұмысқа бармайтынын айтты. Сауалнамаға қатысқандар арасында  қара жұмыс ешқашан өзектілігін жоғалтпайды және болашақта қажет болады, қосымша табыс көзі, күйзелістен шығудың тағы бір жолы деп санайтындар да бар. Сонымен қатар кей респонденттер өздерінің хоббиі мен өмірлерін түбегейлі өзгерту жолы ретінде де қара жұмысқа бара алатынын айтқан. Тағы кейбір азаматтар жаңаша әсер мен тәжіибе алу үшін де қара жұмыс істеуге қарсы емес екенін айтты. Тіпті, дене шынықтыру мақсатында да қара жұмыс істеуге кетәрі еместер де табылды. Респондеттер ең көп таңдаған жұмыс түрлері үй шаруасы, ұста, кондитер, автомеханик, нан пісіруші, электрик және тігінші. Ең аз таңдалған мамандықтар: күзетші, жүк тасушы, жүргізуші, слесарь.

Компанияның мәліметінше, қазіргі кезде қоғам қара жұмысшыға зәру.