Қазақстанда бір тәулікте 1 адам пневмониядан, 10 науқас коронавирустан қайтыс болды. Аурудан 1250 адам емделіп шықты.
Бүгінде 19 906 адам коронавирустан емделіп жатыр (18 815 КВИ+ және 1 091 КВИ-). Оның ішінде, 2 123 пациент стационарда, 17 783 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:- 163 адамның жағдайы ауыр,
- 57 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.