Полицейлер велосипед ұрлаған қызды ұстады
Полицейлер велосипед ұрлаған қызды ұстады
Фото: rv-ryazan.ru
440
оқылды

Полицейлер Кентауда велосипед ұрлаған қызды көшедегі бейнекамераның көмегімен анықтады, – деп жазады Polisia.kz.

Кентау қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын 70 мың теңгелік велосипедінің ұрланғанына арызданған. Жәбірленуші велосипедін дүкен жанына қойып кеткен. Полицейлер дүкеннің төңірегін, бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер велосипедті ұрлаған қызды анықтап, иесіне қайтарды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Бойжеткен велосипедті үйіне тезірек жету үшін ұрлап кеткен.