Алматыдағы Президент резиденциясының орнына саябақ салынады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы бұзылатын болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады.Ал өртеніп кеткен Алматы әкімдігінің ғимаратын бұзбайды. Жөндеуден соң әкімдік ғимаратының бірінші қабаты халықпен кездесуге ыңғайлы етіп жасалады.