Өртеніп кеткен Алматы әкімдігінің ғимаратын бұзбайтын болды
Өртеніп кеткен Алматы әкімдігінің ғимаратын бұзбайтын болды
Фото: twitter.com/@Marinochka_Sann
233
оқылды

Алматыда өртенген қала әкімдігінің ғимаратын қоқыстан тазартып жатыр, – деп хабарлайды 24.kz.

Өрттен соң төрт қабырғасы ғана қалған ғимараттағы электронды техника, жиһаз қалдықтары қоқыс полигонына 3-4 күнде  шығарылады. Әкімдік ғимараты бұзылмайды. Толықтай қайта жөндеуден өтеді. Ғимаратты қайта қалпына келтіру үшін қанша қаржы және уақыт кететіні арнайы комиссияның сараптамасынан кейін белгілі болады.

Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев: «Бүгінгі таңда 600-700-ге жуық жұмысшы келді. 22 мердігер компания келіп, көмектесіп жатыр тазалауға. Әрі қарай мердігер компания анықталады, сол мердігер компания жұмысты атқарады», – деді.

Бұған дейін қала әкімі 30 жыл бұрын әкім отырған ғимаратты паналап отырғанын жазған болатынбыз.