Путиннің баспасөз хатшысы оның Украина шекарасына қатысты айтқан сөзін түсіндірді
Путиннің баспасөз хатшысы оның Украина шекарасына қатысты айтқан сөзін түсіндірді
Фото: © facebook.com
384
оқылды
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Украинаны "декоммунизациялау" және оның шекараларын нығайтуға қатысты айтқан сөздерін түсіндірді, - деп хабарлады РИА Новости. Дмитрий Песковтың айтуынша, бұл сөздердің Қазақстанға және бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне қатысы жоқ.
"Жоқ, қатысы жоқ. Келесі баспасөз конференциясында және БАҚ өкілдерінің президентпен кездесуінде бұл сұрақтарды қоюға мүмкіндіктеріңіз болады деп үмітенемін", – деді баспасөз хатшысы.
Бұған дейін Киевтегі Қазақстан елшілігінің маңында жарылыс болғанын жазған болатынбыз.