Алмас Ажарханұлы: Басты мақсат – жаңа Қазақстанды құру
Алмас Ажарханұлы: Басты мақсат – жаңа Қазақстанды құру
304
оқылды

Бүгін Nur Otan  партиясының кезектен тыс XXII съезі өтті. Съезде көтерілген мәселелерге қатысты "Nur otan"-партиясы қаратал аудандық Филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Байғұнысов пікір білдірді.

Бүгін, яғни 1 наурызда үлкен саяси оқиға болып саналар – "Nur Otan" съезі өтті. Жыл басынан бүкіл әлем назарын аудартқан елдегі қаңтар оқиғасынан кейін қазақстандықтар арасында партия тарапына қатысты әртүрлі ақпараттар мен қауесеттер тарап, бас партияның таратылуы жайлы да ащы ұсыныстар болғаны белгілі. Бірақ "Аққа құдай жақ" демекші, ел игілігіне жұмыла әрекет етіп жүрген "Nur Otan" өз жұмысын жалғастырып, халық мүддесі үшін адал еңбектің көрігін қайта қыздыратын болды. Жаңа серпін, ерекше қарқынмен білек сыбана іске кіріскен партиямыз енді жаңа жобаларды іске асырып, ашық диалог алаңдарын құрып, қызмет көрсетуге бағытталған қоғамдық қабылаулар өткізеді.

Съезде партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары қарқынмен атқарылар жұмыстарды белгіледі. Төрағаның қойған міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін жауапкершілік пен талапқа сай кадрлар қажет. Ресми дерек көзіне сүйеніп айтсақ, "Nur Otan" партиясының негізін құрайтын 4 мың 500-ден астам БПҰ бар. Бастауыш партия ұйымы жетекшілерінің рейтінгін, партия жарнасының 20 пайызын қайтару арқылы нығайту жоспарлануда. Партиялық жобалар бірінші кезекте аға ұрпақты, жастарды, көмекке мұқтаж адамдарды қамтиыды. Бастауыш партия ұйымының жұмысы кеңейіп, тиімді құралдары арқылы жүзеге асырылады. Партиямыздың әрдайым басты бағыттарының бірі ел ауқатының жақсаруы мен мемлекетіміздің өркендеп өсуі және қоғамдық келісім. Бүгінгі съезде көпті мазалап жүрген бірқатар мәселелер айқындалып, жаңа бағыттар айтылды. Бұл – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға. Еліміздің игілігі және мемлекетіміздің мүддесі жолында еңбегіміз жемісті болып, табысқа бірге жете берейік, құрметті қараталдықтар!!!