Партияны мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Қайта тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді.
«AMANAT» партиясында атап өткендей, қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып жатыр. Сондай-ақ партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын визуалды түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде.