Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2022 жылдың 1 наурызында «Отбасы Банк» АҚ-ның ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін (ЭДР) ВВВ деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты».
Банк рейтингін растау арқылы Fitch Ratings агенттігі қаржы институтына қажет болған жағдайда ол мемлекеттік қолдау алатынына сенімділігін білдірді. Агенттік мәлімдемесінде, Отбасы Банк активтерінің сапасы тұрақты, капитал қоры мен өтімділік қорының жеткілікті болуының арқасында, орта мерзімді болашақта шұғыл қолдауды қажет етуі екіталай екенін жеткізген.
– Банк рейтингінің расталуы Отбасы Банк тұрақтылығын, оның қызметі мен бизнес стратегиясының тиімділігін көрсетеді. Қазір біз Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасында жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары бойынша 39% үлеспен және ипотекалық несиелендіру бойынша 66% үлеспен бірінші орында тұрмыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың саны – 2,2 млн адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 23,5% құрайды. Күн сайын банк 300-ге жуық заем беріп, 4000-ға жуық жаңа депозит ашып отыр – дейді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Бүгінгі күні банкте NPL (90 күннен асатын, кешіктірілген несиелер) деңгейінің ең төменгі көрсеткіші қалыптасқан, қазір ол 0,06%, ал өзге банктердегі орташа деңгейі – 3,31%. Банктің өтімділік қоры алдағы үш жылдағы несиелік міндеттемелерді орындауға жеткілікті.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.