Қаржылық шығыны 300 миллион теңгеге жуықтаған 250-ден астам қазақстандық алаяқтар тобының құрбаны болды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұсталғандар Түркістан облысының жергілікті тұрғындары болып шықты. Жалпы 300 миллионнан теңгеден астам шығын келген. «Қылмыстық топ белгіленген схема бойынша жұмыс істеген. Олар жергілікті азаматтардың сеніміне кіріп, ірі сауда үйлері арқылы қайтарымсыз қаржы шығарып беруге уәде еткен. Сол арқылы, олардың жеке мәліметтері мен қолтаңбасын иеленген және олардың атынан мүліктік несие алған. Нәтижесінде тұрғындар алмаған тауарлары үшін несие төлеуге мәжбүр болған» - делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазір күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.