Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинада қанша сарбазы қаза тапқанын айтты, - деп хабарлайды Gazeta.
Мәлімет бойынша, 498 ресейлік әскери қаза тауып, 1597 адам жарақат алған. Ресейдің Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Украинада осы уақыт ішінде 2870 адам қаза тапқан.
Бұған дейін әскери қызметшілердің қайтыс болғаны туралы тек губернаторлар хабарлаған.
Сонымен қатар, бұған дейін Украина тарапы 5840 ресейлік әскери қаза тапқанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, Украинаның Қарулы күштері ресейлік әскер 30 ұшақ, 31 тікұшақ, 211 танк, 862 брондалған патрульдік машина, 85 артиллериялық жүйе, 9 зениттік қондырғы, 60 отын багы мен 355 автокөлігінен айырылғанын мәлімдеді.