Ресейге салынған санкция: Қазақстанға тиесілі жүкті кеденнен ары-бері өткізбесе, қайда хабарласуға болады?
Ресейге салынған санкция: Қазақстанға тиесілі жүкті кеденнен ары-бері өткізбесе, қайда хабарласуға болады?
Фото: tlkregion.ru
299
оқылды

Еуропалық одақ елдері мен Ресей арасындағы ахуал шиеленісіп тұр. Соның салдарынан Қазақстанға тиесілі жүктің халықаралық тасымалдары бойынша проблемалар туындап отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Министрлік «ҚТЖ» ҰК« АҚ-мен бірлесіп, Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга транзиттік порттары қабылдаудан бас тартқан Ресей кемелерімен Санкт-Петербург және Новороссийск қалаларының порттары арқылы жүктерді тасымалдау кезінде туындаған проблемаларды шешу үшін шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, министрлік Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвияның Рига және Вэнстпилс порттарына қайта бағдарлау мүмкіндігін пысықтап жатыр. Осы мәселе бойынша Латвияның Көлік министрлігімен және теңіз порттары әкімшіліктерімен кеңес өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, отандық экспорттаушыларға балама ретінде Ақтау және Құрық порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) пайдалану ұсынылды.
Бүгінгі таңда аталған бағытпен Ақтау және Баку порттары арасында тұрақты контейнерлік қатынас және Құрық – Баку паромдық қатынасы жолға қойылған. Сондай-ақ ТХКБ-нің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Бакуде Әзербайжан, Грузия және Түркияның құзырлы органдарымен және көлік ұйымдарымен кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мәскеуде «ҚТЖ« ҰК» АҚ қазақстандық жүктерді тасымалдау логистикасы мәселелері бойынша Ресей темір жолдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. «ҚТЖ» ҰК« АҚ жанында теміржол жүк тасымалы мәселелері бойынша жедел желі ашылды. Оның ішінде, жүктерді басқа бағытқа жіберуге өтінімдер қабылдау және кеңес беру (межелі станцияларды өзгерту, алғашқы тиеу станциясына қайтару және т.б.) бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нан жауапты маман С. Абжалеев, телефоны: 8 (702) 164-55-39, 60-31-33;

Ал «ҚТЖ «ҰК» АҚ-нан кедендік қызметке байланысты сұрақтар бойынша кеңес беретін қызметкер (Г. Хайрулина телефоны: 60-30-19, 8 (701) 341-32-20).