Қазақстанда қазір доллар сатып алғаннан пайда бар ма?
Қазақстанда қазір доллар сатып алғаннан пайда бар ма?
Фото: yandex.by
351
оқылды

Доллар кеше тағы да 7 теңгеге қымбаттады. Дегенмен экономистер қазіргідей алмағайып кезеңде доллар жаппай сатып алудан пайда жоқ екенін айтты. Бұл – уақытша құбылыс. Сондықтан әліптің артын бағу керек деп кеңес береді, – деп хабарлайды AstanaTV.

Соғыста қос тарап келісімге келсе, жағдай біртіндеп тұрақталады. Қазір шарықтаған баға да осыдан кейін қалпына келе бастайды.
Батыс Қазақстан университетінің доценті Александр Бурахта: «Валюта айырбастаймын деп соңғы тиыныңызға дейін долларға ауыстырудың керегі жоқ. Менің ойымша, доллар көп ұзамай арзандайды. Дегенмен бұл құбылыс ел экономикасына да ауыр тиетінін мойындауымыз керек. Өйткені солтүстіктегі көршімізбен қарым-қатынасымыз өте тығыз. Көп салаларда ортақ әріптестік бар», – деді.

Бұған дейін теңге күрт құнсызданған еді.