Санкцияның салдарынан жолда қалған жүк тасымалдаушылар үшін жедел желі іске қосылды    
Санкцияның салдарынан жолда қалған жүк тасымалдаушылар үшін жедел желі іске қосылды    
Фото: yandex.kz
197
оқылды

Еуропалық Одақ пен Ресейдің текетіресі салдарынан қиындыққа тап болған жүк тасымалдайтын қазақстандық көлік жүргізушілері үшін жедел желі іске қосылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде көлік және логистика саласында туындаған мәселелер бойынша жедел штаб құрылды.

Оны министр Қайырбек Өскенбаевтың өзі басқарады. Жедел штаб кәсіпкерлік субъектілеріне және автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігімен атқарылатын халықаралық жүк тасымалдарына қатысушыларға көмек көрсету және ақпараттық қолдау үшін құрылды.
Сондықтан ҚР ИИДМ ахуал орталығы базасында жедел желі ашылды. Барлық сұрақтар бойынша сall-орталыққа: +7 708 088 0800; +7 (7172) 98-35-35 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Бұған дейін Ресейге салынған санкция салдарынан Қазақстанға тиесілі жүкті кеденнен өткізудегі проблемалар туралы жазған болатынбыз.