Заманбек Нұрқаділовтің ұлы әкесінің өлімі жайында не біледі? (видео)
Заманбек Нұрқаділовтің ұлы әкесінің өлімі жайында не біледі? (видео)
823
оқылды

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында әкесі туралы ашық сұхбат берді. Қайрат Нұрқаділов әкесі қайтыс болған соң тергеудегі олқылықтар мен көз жұма қарауларды ашық айтты. Тіпті, әкесінің өліміне кім кінәлі екенін көрсетті.

Естеріңізге салсақ, 2005 жылы 12 қарашаның кешінде Алматы полициясына Заманбек Нұрқаділовтің зәулім үйінде қайғылы оқиға болғаны жайында суыт хабар түскен. Шамамен сол уақытта үй күзетшісінен де дәл сондай хабар түседі. Саясаткердің мәйітін тексергенде үш жерден оқ тигені анықталған. Мәйіттің жанында 1998 жылы ішкі істер министрлігі Нұрқаділовке берген «Кобальт» маркалы жеке тапаншасы болған. https://www.youtube.com/watch?v=Z04lZAwCvwM